Испания оппозициясының жетекшісі Сеутаға әскери кемелер жіберуді талап етті

АСТАНА. KAZINFORM — Испанияның негізгі оппозициялық Халықтық партиясының жетекшісі Альберто Нуньес Фейхоо Педро Санчес үкіметінен автономиялық Сеута қаласының маңына әскери-теңіз күштерін (Armada) дереу жіберуді талап етті.

Испания оппозициясының жетекшісі Сеутаға әскери кемелер жіберуді талап етті
Фото: facebook.com/NunezFeijoo

Мұндай мәлімдеме Марокконың патрульдік қайығы Испанияның аумақтық суларына кірді деген әзірше расталмаған ақпаратқа байланысты жасалды.

Альберто Нуньес Фейхоо тиісті үндеуін 16 қазанда әлеуметтік желіде жариялады.

Оның айтуынша, Марокко кемелерінің Испанияның аумақтық суларына бірнеше рет кіруі кездейсоқ оқиға емес, «қайталанып отырған агрессия». Сондықтан бұған «батыл жауап» беру қажет.

Еске салайық, 2026 жылдың шілде айының соңында Африканың солтүстігінде орналасқан Испания аумағы — Сеутаға ондаған мың мигрант жаппай кірген еді. Сол күндері Марокконың фрегат сияқты әскери кемелері де Испанияның аумақтық суларына өткен.

Испания үкіметінің басшысы Педро Санчес бұл жағдайды растағанымен, оны «бір реттік оқиға» деп сипаттады. Сол кезде Испанияның әскери-теңіз күштері тежеу мақсатында кемелерін орналастырған.

Бұған қоса, Испанияда биыл қараша айында кезектен тыс парламент сайлауы өтетіні белгілі болды.