Испанияда 1 млрд еуроға салынған әуежайды қытайлық компания 10 мың еуроға сатып алғалы отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Сьюдад-Реаль қаласындағы құрылысына осыдан бес жыл бұрын 1 млрд еуро жұмсалған қымбат әуежай сатылымға қойылды. Болжам бойынша, ол аукционда бар-жоғы 10 мың еуроға сатылып кетуі мүмкін, деп жазады «ВВС» агенттігі.
None
None

Банкротқа ұшырып, уақытша жабық тұрған әуежай екі жылдан бері сатылымға шығарылғанымен ешкім ұсыныс білдірмеген. Басында ол 100 млн еуроға бағаланып, кейін оның құнын 80 млн-ға дейін түсті. Қазір оның құны 30 млн еуроға бағаланып отыр. Сатылым 7 рет өткізілгенде ғана жақында бірінші тілек білдіруші табылып отыр. «Tzaneen International» деп аталатын Қытай компаниясы аукционда 10 мың еуро ұсынып, өтініш білдіріпті. Енді алдағы 20 күн ішінде басқа сатып алуға тілек білдіруші болмаса, қытайлық компания аукционда автоматты түрде жеңімпаз атанады. Алайда, әуежайдың болашақ иесі оның 2010 жылғы 300 млн еуро қарызын өтеуі керек болады. Сьюдад-Реаль қаласының орталық әуежайы бар-жоғы екі-ақ жыл жұмыс жасады. Оны салуда жобалаушылар үлкен қателік жасаған. Олар Мадрид әуежайының дублері болады деп ойлағанымен қаладан 200 шақырым қашықтағы әуежаймен ешқандай әуекомпаниясы келісімшарт жасаспапты.

Соңғы жаңалықтар