Испанияда этникалық қақтығыс өрши түсті
МАДРИД. KAZINFORM — Испанияның оңтүстігіндегі Торре-Пачеко қаласында радикалды көзқарастағы жергілікті тұрғындар мен мигранттар арасында қақтығыстар әлі жалғасып жатыр, деп жазды ТАСС.

Қоғамдық тәртіпті Граждан гвардиясы (Азаматтық гвардия) қамтамасыз етіп жатыр. Бұл туралы La Verdad басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
— Адамдардың жиналуы екі лагерьдің қақтығысына ұқсап тұрды, олардың арасына Граждан гвардиясы үнемі кедергі жасап, қырғын мен ауыр жарақаттардың алдын алуға тырысты, — деп түсіндірді жағдайды үкімет өкілі Мариола Гевару.
Газетте берілген дерекке сәйкес, жергілікті тұрғынға жасалған шабуылдан кейін радикалды топтар мигранттарды іздеуге кіріскен, олардың тұратын жерлеріне барып, қуғын ұйымдастырған. Бұл мигранттар тарапынан жауап әрекетке әкеліп, соңы қақтығысқа ұласқан. Оқиға барысында бірнеше адам ұсталып, зардап шеккендер бар.
Мариола Гевару Валенсия билігінен тәртіпсіздіктерге қарсы күрес бөлімшесін Торре-Пачекоға жіберуді сұрады. Оның айтуынша, қаланың әрбір көшесі қауіпсіздік күштері тарапынан бақылауда, ал оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін, 8 маусым күні, Испанияда үкіметке қарсы мыңдаған адам қатысқан наразылық шеруі өткен болатын. Бұл шараны оппозициялық консервативтік Халық партиясы ұйымдастырған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Италия мен Испанияда қызыл деңгейлі дабыл жарияланғанын жазған едік.
Испанияның ұлттық метеорологиялық агенттігі AEMET маусым айы тарихтағы ең ыстық ай болуы мүмкін деп ескерткен еді. Севилья мен елдің оңтүстігіндегі басқа қалаларда ауа температурасы 42°C-қа дейін көтерілетіні хабарланған болатын.