Испанияда орман өртін сөндірушілерге ерте зейнетке шығу құқығы берілді
АСТАНА.KAZINFORM – Испанияда орман өртімен күресетін өрт сөндірушілерге мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығы берілді, деп хабарлайды Анадолы.
Өткен жаздағы ауқымды орман өрті Испанияға мықты, тұрақты және қорғалған өрт сөндіру қызметі қажет екенін көрсетті, деп мәлімдеді ел үкіметі.
Испания үкіметі орман өртімен күресетін өрт сөндірушілерге жалпыға бірдей белгіленген жастан бес жыл ерте зейнетке шығуға мүмкіндік беретін қаулыны мақұлдады. Бұл туралы елдің Интеграция, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрі Эльма Саис хабарлады.
— Осы арқылы біз осы санаттағы қызметкерлер алдындағы міндетімізді орындаймыз. Олардың зейнетке шығу шарттарын басқа өрт сөндірушілердің жағдайымен теңестіріп отырмыз, — деді министр.
Оның айтуынша, өрт сөндірушілерге зейнетақымен қамтуды жақсарту олардың жұмысының ауыр, уытты, қауіпті әрі денсаулыққа зиянды болуына байланысты қабылданған шешім.
— Өткен жаздың ауыр әрі қайғылы оқиғалары Испанияға мықты, тұрақты және қорғалған өрт сөндіру қызметі қажет екенін көрсетті, — деп түйіндеді Саис.
Айта кетелік елде өрт сөндірушілердің жалақысы өскен еді.