Испанияда Папа Францисктың қазасына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды

МАДРИД. KAZINFORM – Испания Министрлер кабинеті Рим Папасы Францисктың қайтыс болуына байланысты елде үш күндік ресми аза тұту жариялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі испандық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Испанияда Папа Францисктың қазасына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды
Фото: freepik.com

Испанияның барлық ірі саяси қайраткерлері, соның ішінде Премьер-министр Педро Санчес понтификтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Үкімет басшысы Папа Францисктың бейбітшілікке, әлеуметтік әділеттілікке және халықтың әлсіз топтарына деген адалдығы терең мұра болып қалатынын атап өтті.

— Папа Францисктың понтификаты католик шіркеуін жаңарту мен реформалауға серпін берген кезең болды. Бұл кезең тарихта өзіндік із қалдырады, — деді Педро Санчес.

Бұған дейін хабарланғандай, Франциск дүйсенбі, 21 сәуір күні дүниеден өтті.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Рим Папасы Францисктің қазасына байланысты көңіл айтты.

Президент Рим Папасы Франциск әлем халқының есінде бейбітшіліктің жақтаушысы ретінде қалатынын айтты.

Дональд Трамп Римде өтетін Папа Францисктың жерлеу рәсіміне қатысатыны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар