Испанияда сайлауалды науқан басталды

МАДРИД.ҚазАқпарат - Испанияда кезектен тыс парламент сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқаны ресми түрде басталды. Дауыс беру 23 шілдеге белгіленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.әле

Испанияда сайлауалды науқан басталды
Фото: AP Photo/Geert Vanden Wijngaert

Сауалнамаларға сәйкес, оппозициялық консервативті Халық партиясы билеуші социалист премьер-министр Педро Санчестен бірнеше пайызға озып кетті.

Көктемде социалистер мен олардың одақтастары жергілікті сайлауда жеңіліп, Санчес мерзімінен бұрын сайлау өткізуге мәжбүр болды.

Сонымен бірге, Халық партиясы жеңіске сенімді болатындай солшылдардан соншалықты алда емес, сондықтан оның басшылығында сауалнамалар бойынша үшінші орында тұрған және 14-15% дауысқа ие бола алатын Vox ультра оңшыл қозғалысымен одақты жоққа шығарымайды. «Вокспен» Sumar партиясының солшыл популистері бәсекелеседі.