Испанияда тағы екі адам хантавирус жұқтырды

АСТАНА. KAZINFORM - Испанияда MV Hondius круиз кемесіне байланысты хантавирус жұқтырудың тағы екі жағдайы анықталды, деп хабарлайды Reuters.

вирус
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Науқастардың бірі — Атлант мұхитының оңтүстігіндегі Тристан-да-Кунья аралында тұратын Ұлыбритания азаматы.

Ер адам сәуір айының ортасында аралға тоқтаған круиз кемесінен түскеннен кейін өзін жайсыз сезіне бастаған.

Екінші жағдай Испанияның Аликанте провинциясында тіркелді.

32 жастағы әйелден инфекция белгілері ұшақтан түскеннен кейін байқалған.

Reuters мәліметінше, ол ұшақта бұған дейін MV Hondius кемесінде вирус жұқтырып, кейін ауруханада қайтыс болған Нидерланд турисінен небәрі екі қатардан соң отырған.

Агенттік дерегіне сәйкес, жаңа инфекция ошақтары бір-бірінен мың шақырымнан астам қашықта орналасқан өңірлерде анықталған.

Еске салсақ, Аргентинадан Кабо-Вердеге бағыт алған круиз кемесінде хантавирус жұқтырудың еті жағдайы тіркелген еді.

Науқастардың үшеуі көз жұмды.

Бұған дейін Испанияның Канар аралдарында вирус жұқтырған жолаушылар бар кемені қабылдайтыны хабарланған болатын.

Сондай-ақ Израильде Шығыс Еуропадан келген науқастан хантавирустың алғашқы жағдайы анықталған еді.

Ал круиз лайнерінде Ұлыбританияның екі азаматының вирус жұқтырғаны расталған.