Испанияда түнгі клубта өрт шығып, 11 адам қаза тапты

Испанияның оңтүстік-шығысындағы Мурсия қаласындағы түнгі клубта болған өрт салдарынан 11 адам қаза тапты. ҚазАқпарат бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.   

Испанияда түнгі клубта өрт шығып, 11 адам қаза тапты
Фото: 112 REGIÓN DE MURCIA

Өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы 6-да Аталайас аймағында орналасқан танымал түнгі клубта болған.

Билік көз жұмғандар саны артуы мүмкін екенін мәлімдеді. Төтенше жағдайлар қызметі әлі де жоғалған бірнеше адамды іздеп жатыр.

Мурсия мэрі Хосе Бальеста испандық 24h телеарнасына қалада үш күн бойы аза тұту күні жарияланатынын айтты.

Оның айтуынша, оқиға орнына клубта болғандардың туыстары келеді. Олар жақындарын табуға үмітті.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар