Испанияда ЮНЕСКО тізіміндегі Кордова мешіті өртенді
АСТАНА. KAZINFORM- Испаниядағы Кордова мешітінен өрт шығып, ол оқшауланды, деп хабарлайды Anadolu Ajansı.

Испанияның оңтүстігіндегі Андалусияда орналасқан тарихи ескерткіш саналатын Кордова мешітінен өрт шықты.
Кордованың жергілікті билігі мен өртпен күрес қызметі мешіттен өрт шыққаны туралы жергілікті уақыт бойынша сағат 21:15-те хабарлады.
Хабарда сондай-ақ өрт сөндірушілердің тарихи мешіттің ішінен шықан өртті жақын маңдағы тұрғындардан ескерту алған соң сөндіруге көшкені айтылған.
Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Өртті сөндіруге 5 көлік пен арнайы техника тартылды.
Осыған дейін Францияның оңтүстігіндегі орман өрті Париждің көлеміндей жерді шарпығанын туралы жаздық.
В Кордовской соборной мечети в Испании вспыхнул пожар
— Anadolu Русский (@aa_russian) August 9, 2025
▪️Местные власти сообщили о пожаре в мечети, построенной в андалузский период, в 21:15 по местному времени
▪️По предварительным данным, распространение огня удалось взять под контроль
▪️Причина пожара пока не установлена… pic.twitter.com/x33jA7svba