Испанияда жараланған бұқа матадорды мүйізімен көтеріп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридте коррида кезінде жаралы бұқа матадорды мүйізімен көтере құлатып, бірнеше рет сүзіп жіберді.
Бұл оқиға жайлы видеоны The Daily Mirror басылымы жариялады.
Оның әріптестері жалма-жан тореадорға көмекке ұмтылды. Олар жануардың көз алдында қызыл матаны сілкілеп, назарын басқа жаққа аударуға тырысты. Зардап шеккен жігітті аренада отырған көрермендер қол шапалақтап шығарып салды. дегенмен оның жағдайы туралы хабарланбай отыр. Сондай-ақ жаралы бұқаның тағдыры да белгісіз.