Испанияда жасөспірімдерге темекі шегуге тыйым салынып, ата-аналарға айыппұл енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Испания Министрлер Кабинеті ашық аспан астындағы концерттер мен барлардың дәліздерінде темекі шегуге тыйым салатын заңның жобасын мақұлдады, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

темекі
Фото: Pexels

Заң темекі шегуді, әсіресе ашық ауада шегуге шектеу қойып, темекі шегуге тыйым салынған аймақтарды кеңейтеді. Барлардың дәліздерінде темекі шегуге рұқсат берілмейді.

Темекі өнімдері мен электрондық сигареттердің кез келген жарнамасына тыйым салынады, сондай-ақ электрондық сигареттердің дәстүрлі темекі ретінде теңестірілуіне тыйым салынады. Бұл ережелерді бұзғандарға 600 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп жазды испандық ABC газеті.

Заңға сәйкес, кәмелетке толмағандардың шылым шеккені үшін жауапты ата-аналарға да айыппұл салынатын болады.

Денсаулық сақтау министрі Моника Гарсияның айтуынша, бұл шара балалар мен жасөспірімдерді қорғауды күшейтеді және заңның негізгі мақсаты – шылым шегудің таралуын азайту және жастар арасында темекі шегудің алдын алу.

Министрлер Кабинетінің жиналысынан кейін өткен баспасөз конференциясында Гарсия «бүгін біз темекіге қарсы күресте маңызды қадам жасап жатырмыз» деді.

Ол Испания темекіге қарсы шараларды іске асыруда әрдайым алда тұрғанын еске салды.

2005 жылы ғимарат ішіндегі шылым шегуге тыйым салынды, ал 2010 жылы бұл шектеу барлар, мейрамханалар мен түнгі клубтарға да таралды.

— Енді біз тағы да сол жолға түсеміз, — деді министр.

Ол Испанияда күн сайын темекі шегу салдарынан 140 адам қайтыс болатынын (жылына 50 мың), ал онкологиялық аурулардың 30 пайызы темекі тартумен байланысты екенін атап өтті.

Заң шығарушыларға жаңа құқықтық базаға сәйкес өнімдерін бейімдеу үшін 12 айлық өтпелі кезең береді, бұл уақытта бір рет қолданылатын электрондық темекілердің қорлары аяқталуы тиіс.

Осыған дейін Испания мигранттар қайығындағы жаппай кісі өлімін тергеп жатқаны айтылды.

Соңғы жаңалықтар