Испаниядағы бокс турнирінде бүгін Қазақстан құрамасынан кімдер шығады
АСТАНА. KAZINFORM — 6 ақпанда Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 турнирінде қазақстандық 17 боксшы жартылай финалда сынға түседі. Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 19:30–да басталады.
А рингі
Әйелдер. 65 келі. Назерке Серік — Пранджал Ядав (Үндістан);
Әйелдер. 80 келі. Гузаль Садыкова — Найна (Үндістан);
Әйелдер. 80 келіден жоғары. Умида Садыкова — Каур Манкират (Үндістан);
Ерлер. 50 келі. Санжар Тәшкенбай — Карлос Диас (Испания);
Ерлер. 55 келі. Махмұд Сабырхан — Сингх Манденгбан Джадумани (Үндістан);
Ерлер. 70 келі. Төрехан Сабырхан — Хитеш (Үндістан);
Ерлер. 75 келі. Тимур Нұрсейітов — Акаш (Үндістан);
Ерлер. 85 келі. Нұрбек Оралбай — Рикардо Адриан Фреснеда (Испания);
Ерлер. 90 келіден жоғары. Нұрасыл Асылхан — Дмитро Ловчинский (Украина).
Б рингі
Әйелдер. 48 келі. Елянур Тұрғанова — Марта Лопес дель Арболь (Испания);
Әйелдер. 80 келіден жоғары. Панар Сейітханқызы — Тиндая Лусия Гуллен Ортис (Испания);
Ерлер. 50 келі. Нұрзат Онғаров — Исмаэль Маграуи (Испания);
Ерлер. 70 келі. Нұрбек Мұрсал — Дипак (Үндістан);
Ерлер. 75 келі. Аман Қонысбеков — Юрий Захареев (Украина);
Ерлер. 80 келі. Азамат Бектас — Анкуш (Үндістан);
Ерлер. 90 келі. Сағындык Тоғамбай — Павло Мичковский (Украина);
Ерлер. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай — Андрей Халецкий (Украина).
Финалдық жекпе-жектер ертең, 7 ақпан күні өтеді. Еліміздің ерлер құрамасы үшін халықаралық турнир — Нұржан Насановтың жетекшілігімен өтіп жатқан алғашқы жарыс. Ол жыл басында Қайрат Сәтжановты алмастырған еді.