Испаниядағы цирктен қашқан сусиыр көшеде жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испаниялық Палос-де-ла-Фронтера қаласында цирктен сусиыр қашып кетті, деп жазды The Daily Mirror.

Испаниядағы цирктен қашқан  сусиыр көшеде жүр

Куәгерлер оның көліктердің жүруіне кедергі келтіріп, көшеде жүргенін видеоға түсіріп, Желіге жариялады. Бейнежазбадан жануар қауіпті болса да жергілікті тұрғындарды қорқытпағанын көруге болады.

Сусиыр қалай қашқаны туралы хабарланбады. Алайда, бірнеше сағаттан кейін хайуанды циркке қайтарғаны белгілі болды.