Испаниядағы турнирде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин Севилья (Испания) челленджер турнирінің екінші айналымында өзара кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Әлемнің 129-ыншы, осы жарыстың 6-ракеткасы Т.Скатов бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 269-орында тұрған Польша өкілі Даниэль Михальскиден 6:1, 5:7, 6:3 есебімен басым түсті.

Әлемнің 242-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингте 741-сатыдағы испаниялық, 21 жастағы Диего Аугусто Баррето Санчеспен шеберлік байқасты. Мұнда қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында М.Кукушкин 3 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Енді Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкиннің қай жеңгені ширек финалға шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Анна Данилина миксте жартылай финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Live рейтингте үшінші орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар