Испаниялық футболшы «Астана» сапын толықтырады

АСТАНА. KAZINFORM — Грекиялық «Ламия»  командасының испаниялық шабуылшысы Карлитос таяуда «Астана» командасымен келісімшартқа отырады. 

Елордалық командаға ауысады
Фото: Sports.kz

Gooal.kz спорт порталының жазуынша, футболшы елордалық клуб сапында 2025 жылдың мамырына дейін өнер көрсетпек. 

«Астананың» спорт директоры Игорь Павлюк испаниялық шабуылшы Карлитостың елордалық командаға ауысуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді. 

«Шынымен де Карлитос «Астана» футбол клубына ауысады. Барлық мәселе егжей-тегжейлі шешілді, шабуылшымен келісімшарт осында келгеннен кейін жасалады. Оның тәжірибесі мен аяқдопшы ретіндегі жеке қасиеттері командаға 2024 жылғы маусымдағы басты мәселелерді шешуге – «Астанаға» чемпиондық титулды қайтаруға және еурокубок ойындарында сәтті өнер көрсетуге көмектесуі керек. Испаниялық аяқдопшымен келісімшартқа 2025 жылдың мамырына дейін, яғни, бір жылдан сәл артық мерзімге отырамыз», - деді ол. 

Сондай-ақ елордалық клубтың спорт директоры футболшының қазақстандық командада алатын жалақысына қатысты БАҚ-та жариянған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. 

Өткен маусымда 33 жастағы Карлитос «Ламия» сапында 21 матч өткізіп, 10 гол соғып, 4 нәтижелі паспен көзге түскен. 

Соңғы жаңалықтар