Испаниялық теннисші Карлос Алькарас әлемдік рейтингіде көш бастады

АҚШ-тағы Индиан-Уэллс мастерс турнирінде жеңімпаз атанған испаниялық Карлос Алькарас сербиялық Новак Джоковичті ығыстырып, көш басына көтерілді.
Грекиялық Стефанос Циципас үздік үштікте.
ATP чемпиондық кестесінде Н.Джокович 2430 ұпаймен бұрынғыша топ бастаса, Индиан-Уэллсте финалға дейін жеткен ресейлік Даниил Медведев (2430) екінші орында. К.Алькарас (1550) 13-тен бірден үздік үштікке ілікті.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 46-дан 48-ге, Жұптық сында нидерландылық Уэсли Колхоф, ұлыбританиялық Нил Скупски, америкалық Раджив Рам бастапқы үш орынды бөлісті.
Қазақстандық Александр Недовесов 69-дан 68-ге жоғарыласа, Андрей Голубев 58-ден 71-ге төмендеді. Бублик 185-тен 178-ге шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Үндістанда өткен жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің чемпионы атанды.
Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінен қанша табыс тапқаны мәлім етілді.
Жеңісінен кейін Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордты орынға көтерілді.
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турниріне қайта оралатынын айтты.
Енді Рыбакина Майамидегі тағы бір ірі жарыс - мастерс турнирінде өнер көрсетеді.