Испанияның Қазақстандағы жаңа елшісі шілде айынан бастап қызметіне кіріседі

None
None
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Испания Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Альберто Антон Кортес өзінің дипломатиялық миссиясын аяқтайды. Бүгін ол Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесті.

«Біз менің Қазақстанда болған төрт жыл кезеңіндегі жұмысымызды қорытындыладық.  Менің ойымша, осы төрт жылда қатынастар өте шапшаң дамыды, жоғары деңгейдегі бірнеше сапарлар өтті», - деп атап көрсетті елші журналистерге берген сұхбатында.

Министр дипломатқа Мемлекет басшысы қол қойған Қазақстанның Құрмет грамотасын табыс етті.

Альберто Антон Кортес жемісті ықпалдастық үшін және қазақстан-испан ынтымақтастығын алдағы уақытта да нығайту ісінде өз миссиясына көрсетілген қолдау үшін Қазақстан Үкіметіне алғысын білдірді.

Жаңа елші Мануэль Ларочча осы жылғы шілде айына өзінің қызметіне кіріседі.

Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 11 ақпанда орнатылды.

Испания Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси әріптестерінің бірі болып табылады. Екі ел арасындағы қатынастар толық түсіністікпен және сеніммен дамуда. Халықаралық саясаттың маңызды проблемалары бойынша екі елдің ұстанымдары жақын. Испания Қазақстан Стратегиялық әріптестік туралы  келісімге қол қойған (2009 ж.) екінші еуропалық мемлекет болып табылады.   

Екіжақты тауар айналымы 2011 жылы 1,2 млн. АҚШ долларын құраған, бұл 2010 жылғымен салыстырғанда  26%  жоғары.

Соңғы жаңалықтар