Испанияның үкімет басшысы ресми сапармен Қазақстанға келеді

None
None
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Алдағы жылы Испанияның үкімет басшысы ресми сапармен Қазақстанға келеді.

Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген Испанияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Альберто Антон Кортес мәлім етті.

«Иә, алдағы жылы Испанияның үкімет басшысы Марияно Рахойдың Қазақстанға ресми сапары жоспарланып отыр», - деп атап көрсетті Альберто Антон Кортес. Ал биыл Қазақстанның бірқатар министрлері Испанияға барып, екіжақты байланыстарды дамыту бойынша тиісті шараларды атқарып қайтпақ. Атап айтқанда, шілде айында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің сапары жоспарланған. ҚР Сыртқы істер минитрі Ержан Қазыханов болса, қазан айында Испанияға сапар шекпек.

Айта кетейік, биыл Испанияның Төтенше және өкілетті елшісі Альберто Антон Кортестің Қазақстандағы дипломатиялық қызметі аяқталып отыр. Шілде айында оның орнына жаңа елші Мануэль Ларочча келеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram