Ыстанбұлда Ресей-АҚШ келіссөздері аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM – Ыстанбұлда Ресей мен АҚШ делегациялары арасында елшіліктер жұмысына қатысты мәселелер бойынша келіссөздер аяқталды. Олар 6,5 сағатқа созылды, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Ыстанбұлда Ресей-АҚШ келіссөздері аяқталды
Фото: Валерий Шарифулин /  ТАСС

Келіссөздер бойынша баспасөзге сұхбат берілген жоқ. Мәскеу уақыты бойынша сағат 16:20 шамасында Ресей делегациясы отырған көлік Ыстанбұлдағы келіссөздер өтіп жатқан АҚШ бас консулы резиденциясының аумағынан шығып кетті.

Бұл ретте Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бүған дейін келіссөздердің қорытындылары туралы ақпарат «қалай болғанда да берілетінін» атап өткен.

Кездесу алдында Мәскеу мен Вашингтон арасында осы тақырып бойынша екі алдын ала техникалық байланыс болды.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ФҚҚ отырысында сөйлеген сөзінде ресейлік-америкалық байланыстардың қайта жандануына бәрі бірдей риза емес деп мәлімдеген.

Еске сала кетсек, 18 ақпанда Сауд Арабиясында АҚШ пен Ресей арасында келіссөздер өтті.

 

Соңғы жаңалықтар