Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы үшінші келіссөз раунды аяқталды
АСТАНА. KAZINFORM — Тараптардың толық құрамдағы кездесуі Мәскеу уақытымен 20:37-де басталып, 40 минутқа созылды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

— Ең бастысы: алмасу тек әскери қызметкерлермен шектелмей, азаматтықтарды да қамтиды, — деді ТАСС агенттігінің ақпарат көзі.
Оның айтуынша, толық құрамдағы қатысушылар келіссөзге 20:37–де (Астана уақытымен 22:37) жиналып, шамамен 40 минут бойы әңгімелесті.
16 мамырда өткен алғашқы раундтың нәтижесінде тараптар «1000-ға 1000» формуласы бойынша тұтқындар алмасуға келісіп, дағдарысты еңсерудің түрлі аспектілері бойынша меморандумдар ұсынуға уағдаласты.
Бұған дейін Ресей мен Украина келіссөз өткізетін Чираган сарайында қауіпсіздік шаралары күшейтілгені белгілі болды.
19 шілдеде Украина Ресейге келіссөздерді келесі аптада жаңғыртуды ұсынған еді.
Кейіннен Ресеймен келіссөз барысында украин делегациясын Рустем Умеров басқаратыны айтылды.
Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бүгін Ресей делегациясы Украинамен тікелей келіссөздердің үшінші раундына қатысу үшін Ыстанбұлға аттанғанын мәлімдеді.