Ыстық, өрт қаупі: Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» АҚ еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

лето, погода, природа, цветы, тюльпаны, ботанический сад, парк
Фото: Александр Павский / Kazinform

21 шілдеде күндіз Атырау облысының батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша 35-39 градус ыстық болады.

21 шілдеде Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

21 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с. Күндіз 41 градус ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

21 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с болады. Күндіз 38-40 градус ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады.

21 шілдеде күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

21 шілдеде күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Онтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

21 шілдеде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 41 градус ыстық болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

21 шілдеде Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

21 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-38 градус ыстық. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

21 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

21 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

21 шілдеде түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

21 шілдеде Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақытта екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус ыстық.

21 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус ыстық.

21 шілдеде Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

21 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Осыған дейін Кореяда толассыз жауыннан 14 адам қаза тауып, 12-сі із-түзсіз жоғалғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар