Ит - адамның досы. Ал тазы ше?

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Жақында Павлодар қаласында тазы асыраушылардың бiрiншi халықаралық слетi өттi. Сарапшылар тазыны әлi зерттеп жатыр. Тазыны тiркеуден өткiзiп, халықаралық деңгейде мойындату да кезек күттiрмейтiн шаруа.
None
None

"Тазы - өте ақылды, тектi жануар. Ол өзге иттерден түр-сипатымен ғана емес, иесiне шын берiлгендiгiмен, ақылдылығымен ерекшеленедi. Аңшылық жөнiнен тазымен ешқайсысы шендесе алмайды. Тазыны қазақтар қасиеттi санаған. Сондықтан тазыны қазақта ит деп атауға тыйым салған", - дейдi тазы асыраушы Бекболат Ысқақов.

Өзге ұлт өкiлдерi арасында да тазы асыраушылар аз емес. Тiптi шетелде тазы өсiрiп жатқандар да бар. Ресейден екi тазысын жетектеп келген Татьяна Шахматова қазақтың тазыны қасиеттi санайтынын және ит деп атамайтынын жақсы бiледi екен.

Қазiр Қазақстанда екi мыңға жуық таза қанды тазы бар. Тазымен мақтануын мақтанамыз-ау, бiрақ "патент" деген бiр жапырақ қағаз күштi мына заманда тазыдан айырылып қалуымыз мүмкiн, деп хазады «Жас Алаш» республикалық басылымы. Өйткенi халықаралық ұйымдардың тiзiмiнде тазы қазақтың құндылығы ретiнде құжатталмаған.

Соңғы жаңалықтар