Ит иесін жүрек талмасынан аман алып қалды
АСТАНА.ҚазАқпарат - Төрт жасар ит Парфе өзінің көзі көрмейтін иесі Рэйчел Слейтерді жүрек талмасынан аман алып қалды. Ит егде жастағы иесінің денсаулығында ақау барын аңғарып, түн ортасында ұйқысынан оятқан.
Жедел жәрдем дәрігерлері әйел жүрегінің кемшілігін анықтады.
Парфе бұл жайлы иесіне кешкі сағат 11-лерде түсіндірмек болғанымен оның ишарасын аңғармаған Рэйчел итті далаға шығарып жібереді. Кейіннен Парфе түнгі сағат үште әйелді орнынан тұрғызды.