Ит, қару-жарақ, жылжымайтын мүлік — Былтыр мемлекетке жасалған сыйлықтар

подарки
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Қаржы министрлігі өткен жылы республика меншігіне берілген сый-сияпатты атады.

Ведомство мемлекетке берілген сыйлықтың мүлікке құқық алу қағидасына сәйкес (ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі 1103 қаулысы) республикалық немесе коммуналдық меншікке берілетінін айтты.

«2023 жылы жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардан сыйға республикалық меншікке жылжымайтын мүлік объектілері, көлік құралдары, ақпараттық жүйелер, жануарлар (иттер), қару-жарақ, компьютерлік техника, жиһаз, акция және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі берілді», — деген жауап келді министрліктен редакцияның ресми сауалына.

Сондай-ақ, ақпаратта мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалармен сыйға тарту шартын уәкілетті орган жасап, қабылдайтыны айтылған.

Ал мемлекетке берілген акционерлік қоғам акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алу туралы шешімді Үкімет қабылдайды.

Егер мүлік коммуналдық меншікке берілсе, сыйға тарту шартын жасасу жөніндегі шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.

Еске салсақ, өткен аптада Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мемлекетке сыйға тартылған Bentley Bentayga көлігі туралы айтып берген еді.  

Соңғы жаңалықтар