IT-қауымдастық Biz Birgemiz Qazaqstan қорына қолдау көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM – Digital Almaty 2024 форумы алаңында Biz Birgemiz Qazaqstan қоғамдық қоры мен Astana Hub халықаралық технопаркінің IT қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

қайырымдылық
Фото: astanahub.com

Келісімнің негізгі мақсаты – мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсету бағытындағы күш-жігерді жұмылдыру. 

«Бұл меморандум IT-қауымдастықтың әлеуметтік қиындықтарды жеңуге белсенді қатысуға деген ұмтылысын көрсетеді. Бүгін Astana Hub-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою арқылы біз палестиналық балаларға гуманитарлық және медициналық көмек жинау жұмысын бастаймыз және барлық мейірімді жандарды осы игі бастамаға қосылуға шақырамыз», - деді Biz Birgemiz Qazaqstan қоғамдық қорының президенті Перизат Қайрат. 

Соңғы жаңалықтар