Ит үйге адамның аяғын алып келді

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Вашингтон штатының батысында ит үйге адамның аяғын алып келген. Артынша іздеушілер адам денесінің қалған бөліктерін тауып алды,
None
None

деп хабарлады Assotiated Press.

Ит 5 қараша күні тапқанын 93 жастағы иесінің үйіне алып келген. Бұл үй Сиэтладан 72 шақырым жердегі үндістердің резервациясында орналасқан. Өзін кісі өліміне айыптауы мүмкін деген қорқынышта болған қария итінің тістеп әкелгені жайлы полицияға хабар бермеген. Сенбі күні қызына ғана айтқан. Артынша іздеушілер әр жерден дененің қалған бөліктерін тапты.

Тергеушілер із-түзсіз жоғалғандар тізімін тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар