Итальяндықтар «Балқадиша» әнін әлемдік хитке айналдырмақшы

Қазір олар жаңа жоба бойынша Қазақстанда жұмыс жасауда. «Біз мәдениет, сән және туризм саласында екі ел арасында тығыз байланыс орнатқымыз келеді», - дейді Замбрано. Жоба шеңберіндегі алғашқы шара сәуірдің 4-і мен 5-і күндері Атырау қаласында өтеді. Онда әйгілі итальян әншісі, көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы Гуэрино Папа концерт береді. Бұл концертте Тони Тури итальян тілінде «Балқадишаны» орындайды. Оның сөзіне қарағанда, «Балқадишаны» жазып жатқанда бұл ән итальяндықтарға өте қатты ұнаған. Олар Ақан Серінің әні әлемдік хитке айналуы мүмкін деп баға берген. Одан басқа, жоба шеңберінде итальяндық ірімшік дайындаушылар Атырауда шеберлік сыныбын өткізеді. Осылайша олар жергілікті халықты моцарелла дайындауға үйретпекші, деп жазады «Ақ Жайық» газеті.