Италия асханасы ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енді

АСТАНА. KAZINFORM — ЮНЕСКО нақты бір тағамдарды бөліп көрсетпей, италиялықтардың тамақ әзірлеу дәстүрлерінің мәдени құндылығын және олардың асқа өмір салтының маңызды бөлігі ретінде қарайтынын атап өтті, деп жазды DW.

Италия асханасы ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енді
Фото: Pexels

Италияның премьер-министрі Джорджа Мелони бұл шешімді құптап, оны италияндықтардың ұлттық бірегейлігін мойындау деп атады.

– Біз италиялықтар үшін асхана – жай ғана тамақ немесе рецепт жинағы емес. Бұл одан да көп: мәдениет, дәстүр, еңбек, байлық, – деді саясаткер.

Италияның кулинарлық дәстүрі аса алуан түрлі: дерлік әрбір аймақ өзінің дәстүрлі тағамымен, тіпті пастаның өзіндік түрімен мақтанады. 2017 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне «неаполитандық пиццайоло өнері» енгізілген болатын. Аңыз бойынша, алғашқы пицца 1889 жылы Неапольде дайындалған.

 

Соңғы жаңалықтар