Италия әуежайында Еуропадағы ең үлкен күн электр станциясы орнатылған

АСТАНА. KAZINFORM – Станция Рим-Фьюмичино әуежайының жұмысынан шығарылатын көмірқышқыл газын жыл сайын 11 мың тоннадан астамға азайтады, деп хабарлайды Euronews.

Италия әуежайында Еуропадағы ең үлкен күн электр станциясы орнатылған
Фото: chandlervid85/freepik

Әуежай – әуе тасымалдарын жүзеге асыру және қызмет көрсетуге арналған кешен ғана емес. Италияда дәлелдегендей, әуе айлақтары күн батареяларын орнату үшін тамаша орын бола алады.

Жақында Рим-Фьюимичино халықаралық әуежайы өзінің жаңа күн фермасын таныстырды. Ол №3 ұшу-қону жолағының шығыс бөлігі бойында орналасқан. Елу бес мың панель Еуропадағы ең үлкен фотоэлектрлік жүйені құрайды.

Станция Италияның энергетика министрінің қатысуымен ашылды. Осы жобаның арқасында әуежай жұмысы барысында шығарылатын көмірқышқыл газы жыл сайын 11 мың тоннадан астамға азаяды.

- Бұл зауыт көміртегі бейтараптығына қалай қол жеткізуге болатынын және декарбонизацияға құрбандықтар арқылы емес, керісінше, заманауи және көміртекті-бейтарап өндіріс арқылы қалай қол жеткізуге болатынын көрсетеді, - деді Италияның энергетика министрі Джильберто Пикетто-Фратин.

Ұқсас жобаларды жүзеге асыру үшін әуежайлардан басқа көптеген аймақты пайдалануға болады.

Авиация көлік секторындағы парниктік газдар шығарындыларының екінші үлкен көзі болып саналады. Жаңартылатын энергия жобалары үшін өз аумақтарын пайдалану арқылы әуежайлар қазба отындарына тәуелділікті азайтуда және жасыл көшуге үлес қосуда маңызды рөл атқара алады.

Бұған дейін Қытай инвестициясына салынатын жел мен күн электр стансаларының тарифі жарияланғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар