Италия комиссары ЭКСПО-2017 павильондары құрылысына қатысты пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия Ұлттық секциясының комиссары Стефано Раваньян ЭКСПО-2017 павильондары қасбетінің жария етілген дизайнге сәйкессіздігі туралы ақпаратқа орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Осындай үлкен конференцияларда әдетте бір сессия қандай да бір мәселелерге арналып жатады. Бұл құрылысты бастағанға дейін барлығы айқын болуы тиіс. Уақытымызды жоғалтпау үшін біз барлық ақпаратты жинап, оны қасбет бойынша жұмыстарды аяқтау үшін бейімдегіміз келеді. Мен қазіргі уақытта бұл сауалға жауап бере алмаймын. Өйткені, біз бұл павильонды енді алу процесіндеміз. Бұған дейін де айтқанымдай, наурыз айында оны толық аламыз. Күнде болмаса да техникалық мәселелерді жиі талқылаудамыз, тығыз ынтымақтастықта әрі өзара іс-қимылда жұмыс істеудеміз. Павильонға жиі барып, техникалық қызметкерлермен жұмыс істеудеміз. Қасбетке қатысты айтар болсам, ол осынау ауқымды жобаның ең бастысы емес», - деді ол ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың үшінші жиналысы аясында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол «Астана ЭКСПО-2017» компаниясына ынтымақтастықта жұмыс істеп жатқандығы үшін ризашылығын білдірді.

«Қазіргі уақытта біздің жобамыз мақұлданды және біз мүмкіндігінше ерте бастайтын боламыз», - деді Стефано Раваньян.

Айта кетерлігі, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралы аталған жиынға қатысушылар тарапынан, оның ішінде Италияның да ЭКСПО-2017 павильондары қасбетінің жария етілген дизайнге сәйкессіздігі туралы айтқандығын хабарлаған болатын.

Баспасөз мәслихатына қатысқан «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ сәулет және құрылыс департаментінің директоры Зәуре Айтаеваның сөзіне қарағанда, Италия жобасына қатысты ешқандай проблема болған емес.

«Бұған қоса БАҚ-та қасбетке қатысты дұрыс емес ақпарат жария етілді. Сөз салынып қойған қасбеттерді декоротивті тұрғыда безендіру  жайында болған еді. Бұл үлкен баннерлер, қандай да бір декоративті элементтер. Оны елдер өздерінің дизайндері бойынша біздің қасбетке орналастырады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар