Италия құрамасының хоккейшісі әлем чемпионатында ақылға симайтын автогол соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Италия командасының қорғаушысы Александр Эггер Кельнде және Парижде өтіп жатқан әлем чемпионатында ақылға симайтын автогол соқты.

Италия құрамасының хоккейшісі әлем чемпионатында ақылға симайтын автогол соқты

Матчтың 59 минутында 1:0 есебімен ұтылып жатқан италиялықтар алтыншы ойыншыны алаңға шығарып,  ойынды овертаймға айналдыру үшін соңғы шабуыл жасауды жоспарлады.

Италиялық қорғаушы Эггер өз қақпасы алдында жүрген кезде аяғы сүрініп кетіп,  құлап бара жатқан шақта шайбаны кездейсоқ Италия құрамасының қақпасына бағыттады.

Матч 2:0 есебімен Данияның пайдасына  шешілді. Осы ойыннан соң Эггер құрамадағы спорттық жолын аяқтағандығын мәлімдеді.