Италия мен Павлодар кәсіпкерлері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ПАВЛОДАР. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Италияның Халықаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комиссиясы мен Павлодар облысы әкімдігінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды,
None
None

деп хабарлайды аймақ әкімінің баспасөз қызметі.

Меморандумға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Оспанов пен Комиссия төрағасы Розарио Салеми 9-10 ақпан күндері Кишиневта өткен (Молдава Республикасы) байланыстар биржасында қол қойды.

Италияның «Bussines gate»- «Іскерлік әлемнің қақпасы» атты бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы кездесуге Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Армения елдерінен барған бизнесмендер қатысты.

«Павлодардағы Ертістің өнеркәсіптік және туристік жағдайы ашық ынтымақтастық орнатуға дайын», - деп атап өтті таныстырылым барысында М.Оспанов.

Рим, Верона мен Милан қалаларының кәсіпкерлері павлодарлық металдан жасалған бұйымдарға, ауылшаруашылық және кондитерлік өнімдер мен Баянауыл туристік базасындағы рекреациондық қорларға ерекше қызығушылық танытты.

Соңғы жаңалықтар