Италия мигранттардың бірінші тобын Албаниядағы баспана орталықтарына жіберді
АСТАНА. KAZINFORM – Сәрсенбі күні Италиядан Албанияның Шэньцзинь портына 16 адам келеді деп күтілуде, деп хабарлайды итальяндық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Италиядан бір топ мигрант Албаниядағы жаңадан құрылған баспана орталықтарына көшірілді, деп хабарлады дүйсенбі күні елдің ішкі істер министрлігі.
Көшіру – Италияның мыңдаған баспана іздеушілермен жұмыс жүргізу жоспарының бір бөлігі. Бұл схема ел ішінде де, шетелде де сынға алынғанына қарамастан, премьер-министр Джорджия Мелони бұл қадамды «жақсы үлгі» деп атады.
«Бұл жаңа, батыл, бұрын-соңды болмаған жол, ол еуропалық рухты тамаша көрсетеді», - деді ол сейсенбіде.
Келісімге 2023 жылдың қарашасында Дж.Мелони мен оның албаниялық әріптесі Эди Рама қол қойды. Нәтижесінде Дж.Мелонидің әсіре оңшыл үкіметі өткен аптада ресми түрде Албанияда босқынқындарға арналған екі орталығын ашты.
Рим Солтүстік Африка жағалауынан Еуропаға өтуге тырысқан халықаралық суларда ұсталған мыңдаған мигрант ер адамды елден осылайша шығаруды жоспарлап отыр.
16 адамнан тұратын топ – Бангладештен келген 10 адам және мысырлық 6 азамат теңізде құтқарылғаннан кейін Сицилияның Лампедуза аралынан әскери кемемен жеткізілді.