Италия Олимпиадасында Қазақстан туын конькишілер ұстап шығатыны рас па
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын конькишілер Яна Хан мен Денис Никиша ұстайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта олимпиадалық лицензиялар үшін іріктеу кезеңі жалғасып жатыр. Осыған байланысты ұлттық құраманың нақты құрамы мен ту ұстаушыларды алдын ала жариялау ерте.
— Толық әрі ресми ақпарат ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми ресурстарында жарияланатын болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тек ресми деректерге сүйенуге шақырамыз, — деді министрліктің баспасөз хатшысы Балым Адамиденова.
Бұған дейін қысқы Олимпиадаға Қазақстаннан неше спортшы қатысатынын жазғанбыз.