Италия соңғы 60 жылда футболдан ӘЧ алғаш рет қатыспайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына шығар алдындағы шешуші матчта Швеция командасымен 0:0 есебімен тең түсті, деп хабарлайды prosports.kz.
Кездесудің 90 минутында бірде-бір гол соғылмады. Екі кездесу қорытындысы бойынша бірінші матч 0:1 есебімен шведтіктердің пайдасына шешілгендіктен, Швеция 2018 жылғы әлем чемпионатының финалына өтті.
Бұған дейін Англия, Аргентина, Бельгия, Бразилия, Германия, Египет, Исландия, Испания, Иран, Колумбия, Коста-Рика, Марокко, Мексика, Нигерия, Панама, Польша, Португалия, Сауд Арабиясы, Сенегал, Сербия, Тунис, Уругвай, Франция, Хорватия, Швейцария, Оңтүстік Корея, Жапония және турнир қожайыны ретінде Ресей жолдама алған болатын.
Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 2018 жылдың 14 маусымынан 15 шілдесіне дейінгі аралықта өтеді.