19:06, 25 Тамыз 2016 | GMT +5
Италияда 17 сағат үйінді астында болған қыз құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда 17 сағат үйінді астында болған қыз құтқарылды. Қыз ауруханаға жеткізілді. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Итальяда жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Пескара-дель-Тронто қаласында құтқарушылар үйінді арасынан 10 жасар қызды құтқарды. Ол 17 сағаттан соң бірақ табылды, деп хабарлады The Independent.
Қыз ауруханаға жеткізілді. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады Quotidiano.net. Жасөспірімнің туыстарының тағдыры жайлы ештеңе айтылмады.
Соңғы деректер бойынша, Италияның орталық бөлігінде апат салдарынан 247 адам қаза тапқан, тағы 264 адам ауруханада.
6,0 магнитудалы жер сілкінісі 24 тамыз, сәрсенбіге қараған түні орын алды. Үш қала - Лацио, Умбрии және Марке зардап шекті.