Италияда болған жер сілкінісінен бірнеше адам зардап шекті

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Искья қаласында 3,6 магнитудалық жер сілкінісі болып, бірнеше адам жарақат алды. Бұл туралы Corriere Della Sera басылымы хабарлайды, деп жазды daylynews.ru.

Италияда болған жер сілкінісінен бірнеше адам зардап шекті

Куәгерлердің сөздерінше, жерасты дүмпулерін жергілікті халық айқын сезінген. Тіпті тұрғындардың кейбірі бойларын үрей билеп, далаға қашып шыққан. Зілзаладан әсіресе Казамиччола курорты қатты зардап шеккен. Мұнда бірнеше үй бүлінген. Құтқарушылар әзірге үйінділер астында адамдар бар ма, жоқ па ол жағын айта алмай отыр.