Италияда Dior және Armani өндіріс орындарында еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – Италия прокуратурасы тексеріс жүргізу кезінде Dior және Armani ірі сән өндірушілерінің қосалқы мердігерлері өз фабрикаларында еңбекті қанаумен айналысқаны анықталды.

The Wall Street Journal газетінің хабарлауынша, фирмалық сөмкелер шығаруда заңсыз мигранттар жұмыс істейді және оларға сағатына екі доллар ғана төленуде.
Dior-да жұмысшы бір сөмке үшін шамамен 57 доллар алады, ал дүкендерде бұл зат шамамен 2780 доллар тұрады. Armani мердігерге 270 доллар төлеп, сөмкені орта есеппен 2000 долларға сатуда.
Фабрика жұмысшыларының басым бөлігі – нормадан көп жұмыс істейтін Қытай азаматтары.
Armani өкілдері компания өнім өндіруді GA Operations-ке тапсыратынын айтты. Бұл ретте сән үйі Giorgio Armani Group брендтері үшін киім, аксессуарлар мен үй декор элементтерін шығаратын GA Operations тарапынан заңсыздықты жоққа шығарып отыр.