Италияда қарға көмілген қонақ үйден 4 адамның мәйіті шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда қарға көмілген Rigopiano қонақ үйінің ғимаратынан 4 адамның мәйіті сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Ең соңғы ақпаратқа сәйкес, табиғи апат кезінде мейманханада 34 адам болған. Енді осыған байланысты 30 адам хабарсыз кеткен саналып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Италиядағы Фариндола қаласының тау етегінде орналасқан қонақ үйді қар көшкіні басып қалған болатын. Жалпы мейманхана тұрған аймақтың ақ ұлпаға көмілгені соншалық, құтқару техникасы қалың қардан апат орнына дер кезінде жете алмай, құтқарушылар оқиға орнына жаяу баруға мәжбүр болды.