Италияда қоқыс тастағандарға 18 мың еуроға дейін айыппұл салынады
АСТАНА. KAZINFORM — Көліктен жолға немесе тротуарға тасталған қоқыс пакеті Италияда енді жүргізушіге 18 мың еуроға дейін айыппұл салынуына әкелуі мүмкін. Ал майлықтар, пластикалық бөтелкелер мен темекі тұқылдары үшін айыппұл 1188 еуроға дейін жетеді.

Егер жүргізуші қоқысты қорық аумағында немесе басқа да қорғалатын табиғи аймақта тастаса, айыппұлдан бөлек жүргізуші куәлігінен айырылуы немесе түрмеге қамалуы мүмкін.
Бұл ретте көлік тоқтап тұр ма, әлде қозғалыста ма — бәрібір, ешқандай айырмашылық жоқ. Енді полиция құқық бұзушыларды тікелей ұстап алуы міндетті емес, бейнебақылау камерасына түсіп қалуы жеткілікті.
Vәселен Германияда көліктен қоқыс тастағаны үшін айыппұл мөлшері ондағаннан жүздеген еуроға дейін жетеді. Айыппұл сомасы нақты қоқыс түріне және федералдық жерге байланысты әртүрлі болады.
Еске сала кетейік, Италия үкіметі әлемдегі ең ұзын аспалы көпір жобасын бекіткен еді.