Италияда «Коза Ностра» мафиясының үлкен басшысы қайтыс болды

Италияда ұзақ жылдар бойы іздеуде болып, ақыры қаңтар айында ұсталған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Маттео Мессина Денаро қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Мафия
Фото: picture-alliance/dpa

Италияның ANSA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Сицилия аралында жұмыс істейтін «Коса Ностра» мафия тобының «үлкен басшысы», бірқатар қырғынды ұйымдастырушы ретінде танымал Денаро Аквила қаласындағы түрме ауруханасында көз жұмған.

Ол мұнда тоқ ішек қатерлі ісігі диагнозымен жатып, ем алған еді.

Ұзақ жылдар бойы полициядан қашып жүрген Денаро 16 қаңтарда елдің оңтүстігіндегі Палермо қаласында медициналық көмекке жүгінген кезде ұсталды.

Маттео Мессина Денароның қамауға алынуы елде үлкен резонанс тудырды.

Ол ұсталғаннан кейін Аквиладағы қатаң режимдегі түрмеге қамалып, жабық мекеменің ішіндегі ауруханада ем алған. Өткен демалыс күндері баспасөзде оның «комаға қайтымсыз түскені» турады ақпарат шықты.

Денаро соңғы 30 жылдағы ауқымды қылмыстық оқиғаларға, соның ішінде мафияға қарсы күресінің арқасында елдің символына айналған атақты судьялар Джованни Фальконе мен Паоло Борселлиноны өлтірді деп айыпталған.

Тергеушілердің айтуынша, Денароның 1993 жылы Милан, Флоренция және Римде болған лаңкестік әрекеттерге де қатысы бар.

Соңғы жаңалықтар