Италияда мұражайға келген әйел сүрініп кетіп, құнды картинаны бүлдірді

АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Брешиа қаласындағы мұражайға келген әйел сүрініп, құнды өнер туындысының үстіне құлады. Ол жаңару дәуірінің суретшісі Мореттоның XVI ғасырдағы картинасын бүлдірді, деп хабарлайды Wanted in Rome.

Посетительница музея споткнулась и повредила картину эпохи Возрождения в Италии
Фото: Giornale di Brescia

Оқиға ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Санта-Джулия мұражайында ренессанс туындыларының көрмесі кезінде болды, деп хабарлайды жергілікті Bresciaoggi газеті. 

1522–1524 жылдардағы бүлінген туынды екі жақты. Картина қабырғаға ілінбеген, келушілер жұмыстың екі жағын да көре алуы үшін қорғаныш әйнегінсіз көрме бағдары бойынша қойылған.

Оның бір жағында белгісіз екі әулие, екінші жағында екі шәкірті бар Дева Мария бейнеленген.

Келтірілген шығын мыңдаған еуроға бағаланып отыр және ол сақтандыру арқылы өтеледі.

Мұражай басшылығы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, бірақ қолда бар мәліметке қарағанда, ол шығын келтірген әйелге қатысты заңды шара қолдануды жоспарлап отырған жоқ.

Италия Иран елшісін СІМ-не шақырып, ұсталған журналистің босатылуын талап еткені туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар