Италияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38-ге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда өткен түні дүлей жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 38 адамға жетті. Бұл туралы «Reuters» агенттігі хабарлады.

Италияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38-ге жетті

Аталған елдің азаматтық қорғаныс қызметінің өкілі Иммаколата Постильонидің айтуынша, Аккумолиден Аматричеге дейін 27 адам қаза тапты, тағы он адам Аркуата-дель-Тронто қаласының аумағынан табылды.

Reuters нақтылағандай, бастапқыда Постильони 37 деп атаған, алайда кейіннен қаза тапқандар саны 38 екенін айтты. Ол сондай-ақ, таулы жерлердегі елді мекендерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу қиынға соғып жатқанын айтқан.