21:23, 28 Шілде 2019 | GMT +5
Италияда жүгіруге қатысқан әйелге жай түсіп, ажал құшты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияда Альпі тауының беткейіндегі жүгіруге қатысқан Норвегияның 45 жастағы азаматшасын найзағай соқты, деп хабарлайды Le Soir басылымы.

Құтқарушылар оны тапқан кезде тірі болған, бірақ ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер ажалдан алып қала алмады.
Бельгиялық басылымның хабарлауынша, әйелді найзағай теңіз деңгейінен 2,1 метр биіктікте жүгіріп келе жатқан кезде соққан. Оқыс оқиға 27 шілдеде кешке қарай болды.