Италияда жұмыссыздық рекордтық деңгейге жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия экономикасындағы жұмыссыздық деңгейі 2014 жылдың қараша айында 13,4 пайызға дейін жетті.

Италия еліндегі жұмыссыздық деңгейі жаңа рекордқа жетті. Еуроаймақтың басты елдерінің бірі үшін бұл аталған статистика 1977 жылдан бері тоқсандық есептеуден бастап жүргізілген кезден бері жоғары.

2014 жылдың қазан айында көрсетілген рекорд та жоғары болды: соңғы мәліметтерді жариялау аясында қазан айы бойынша жұмыссыздық саны 13,2 пайыздан 13,3 пайызға дейін өсті.

Италия Еуропа елдерінің ішінде ЖІӨ және инфляция қарқыны бойынша артта қалып отырған елдердің бірі болып табылады. Бірқатар сарапшылар итальяндық экономика «дефляциялық шиыршыққа» кіруі мүмкін деген қауіп айтады.

Istat статистика агенттігінің талдаушылары 2014 жылдың 30 желтоқсанында жасаған ай сайынғы баяндамасында: «Жақын айларда ішкі тұтыну сұранысы бойынша оң өсімге орай итальяндық экономика фазасының құлдырауы тоқталады. Алайда Италияның еңбек нарығында күрделі жағдайлар сақталуда, олардың бірі жұмыссыздықтың өсіп жатқан деңгейі болып тұр», - деді.

Соңғы жаңалықтар
telegram