Италиядағы конференцияда А.Шәкіров Қазақстандағы құқықтық саясаттың жетілуі туралы баяндама жасады

АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат - Валмонтон қаласында (Италия) римдік құқық жөніндегі І Еуразиялық конгреске дайындық аясында адам құқықтарын қорғау және осы салада халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу тақырыбында халықаралық конференция болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілеттіліктің баспасөз қызметі.

Италияның Ұлттық ғылыми зерттеу кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылып, Еуропа, Азия және Латын Америка елдерінің бірқатар делегациясы жиналған конференция жұмысына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров қатысып, баяндама жасады.

Уәкіл конференция қатысушыларын құқықтық саясатты жетілдірудегі мемлекет қызметінің басым бағыттарымен және Қазақстандағы адам құқығын қорғау саласындағы тәжірибемен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар