Италияның жағалау күзеті Комо көлінен ондаған адамды құтқарды
АСТАНА. KAZINFORM — Өткен демалыс күндері ауа райы қолайсыздығынан Италияның жағалау күзеті Комо көлінен 45 адамды құтқарды, деп жазады Euronews.
Серуендеу қайықтарының экипажы қатты желмен күресіп, жартасты жағалауда апатқа ұшырай жаздады.
Барлығы он екі іздеу-құтқару операциясы жүргізілді.
Сенбі күні Италияның солтүстік және орталық аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнады.
Азаматтық қорғаныс ұлттық департаменті Италияның сегіз аймағында қауіптің сары деңгейін жариялады.
Ескерту атап айтқанда Пьемонт, Ломбардия, Венето, Тоскана, Эмилия-Романья, Умбрия, Марке, Абруццо және Больцано автономия провинцияларына жасалды.