18:56, 07 Наурыз 2013 | GMT +5
Италияның экс-премьері Берлускони бір жылға сотталды
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони өзінің саяси қарсыласы мен Unipol сақтандыру тобының басшысы арасындағы телефон келіссөздерін заңсыз жариялау жөнінде іс бойынша бір жылға сотталды, деп хабарлады ВВС.

Саясаткер жақын арада үкімге апелляция береді деп күтілуде. Дегенмен ол қазіргі уақытта бостандықта жүр.
Сот тергеудің дәлелдерімен келісті. Тергеудің тұжырымына сәйкес, бұрынғы премьер-министр өзінің інісі Паоло Берлускони басқаратын газетте келіссөздерді жариялауға бұйрық берген. Экс-шенеуніктің інісі де 2 жыл 3 айға сотталды.
2005 жылы бұл жарияланымдар жарық көрген соң Берлускони жоспарланғандай, BNL банкінің итальяндық Unipol сақтандыру тобын сатып алу жөнінде келісім іске аспай қалған болатын.