Италияның Иския аралында лай көшкіні жүрді, қаза тапқандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның оңтүстігіндегі Иския аралында көшкіннен кейін оннан астам адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Италияның Иския аралында лай көшкіні жүрді, қаза тапқандар бар

Көшкін толассыз жауған жаңбырдан туындап, бірнеше үй қираған. Неаполь префектурасында сәбиі бар отбасының құтқарылғаны хабарланды. Ауа райының қолайсыздығы іздестіру-құтқару жұмыстарын қиындатуда.

Кейінірек Неаполь билігі Казамиччола-Термедегі Майо алаңында әйелдің денесін тапқанын хабарлады. Бұл құтқарушылар барған алғашқы аудандардың бірі.
Неаполь мэрі Гаэтано Манфреди: «Алғашқы расталған құрбан бар, тағы онға жуық адам із-түзсіз жоғалып кетті», - деді.
8 мың тұрғыны бар Казамиччола-Терме қаласы бұған дейін 2017 жылы тағы бір жер сілкінісін басынан өткерген, онда екі адам қаза тапқан еді.

Фото: Reuters, ba.n1info.com