Италияның ҚР-дағы Елшісі ОҚО бизнесмендерін Миландағы «ЭКСПО-2015» көрмесіне қатысуға шақырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Италияның ҚР-дағы Елшісі Стефано Раваньян ОҚО бизнесмендерін Миландағы «ЭКСПО-2015» көрмесіне қатысуға шақырды.
None
None

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Италия елшісі мұны облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен кездесуінде айтқан.

«ОҚО-ға жұмыс сапарымен Италияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян келді. Ол Италия мен Қазақстанның дипломатиялық қатынастарының нығайып келе жатқанын, тауарайналым 16 млрд доллардан асқанын мәлім етті. Бұл мұнай өнімдері, пайдалы қазбалар, халық тұтынатын тауарлар, машиналар мен өндіріске қажетті құрылғылар, астық өнімдері», - деп хабарлады баспасөз қызметінен. Елші ОҚО-ның қуатты экономикалық әлеуетін, жаңа бизнес-жобалар құру мүмкіндігін атап өтті. Мысал ретінде цемент шығаратын «ItalcementiGroup» компаниясын келтірді. Кәсіпорын жаңғыртылады, мұнда үнемі өндіріске инновациялық биотехнологияларды енгізу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Асқар Мырзахметов елімізде жыл сайын инвесторлар үшін инвестициялық ахуал жақсарып отыратынын алға тартты. Өңір басшысы өзара тиімді болатын итальяндық бизнесмендермен бірлесіп жасалған жобаларға қолдау көрсететінін мәлімдеп, оңтүстікқазақстандық бизнесмендердің Миланда өтетін «ЭКСПО-2015» көрмесіне қатысуына көмектесетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар